Небәрі 5 минутта
Айыппұлсыз және комиссиясыз мерзімінен бұрын өтеу
Кредиттің мүмкін болатын ең жоғары сомасы
Кепілдің құнының
Кредитті қалай алуға болады
Кредит бойынша алдын ала шешім қабылдаудың сізге ыңғайлы әдісін таңдаңызАлдын ала шешім алу үшін банктің жақын жердегі бөлімшісіне жеке басын куәландыратын құжатпен хабарласыңыз
Бағалау компанияларынан алдын ала нәтиже алу арқылы банкке жылжымайтын мүлікті бағалауды ұсыныңыз
Соңғы шешім мен қолма-қол ақшаны алыңыз
Кредиттіңіз есептеп алыңыз
Кредит туралы толық ақпарат
Кредиттің шарттары, мерзімдері, пайыздық мөлшерлемелері мен басымдықтары туралы, сондай-ақ, барлық сұрақтарыңызға жауап таба аласызПайыздық мөлшерлемеге | 23%-дан 30%-ға дейін (ГЭСВ 26,1%-дан 34,9%-ға дейін) |
| Кредиттің мақсаты | ЕДБ қарызын (дарын) қайта қаржыландыруға және тұтынушылық мақсатына, бұған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсаты жатпайды |
| Кредиттің валютасы | Теңге |
| Өмірді сақтандыру | Кредиттің мерзіміне байланысты кредит сомасына |
| Займның ең төменгі сомасы | 3 000 000 теңге |
| Займның ең жоғары сомасы | Қолда бар жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 70%-на дейін және 50 000 000 теңгеден аспайды |
| Кредит мерзімі | 36 айдан 120 айға дейін |
| Займды ұйымдастырғаны үшін комиссия | 0% |
| Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк келесілерге құқылы | - мерзімі кешіктірілген 90 күн ішінде әр мерзім кешіктірілген күн үшін кешіктірілген төлемнің 0,5 % мөлшерінде, мерзімі кешіктірілген 90 күн өткеннен кейін әр мерзім кешіктірілген күн үшін кешіктірілген төлемнің 0,03% мөлшерінде, бірақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шартының әр қолданыс жылы үшін қарыз сомасының 10% көп емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;.
-банктік қарызды мақсатына сай емес пайдаланғаны үшін мақсатына сай емес пайдаланылған соманың 25% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;
- Банктік қарыз бойынша ерекше талаптар уақытылы орындалмаған үшін ерекше талаптарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күнінде негізгі борыштың қалдық сомасының 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарыз алушының банктерде, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы банктік шоттарындағы ақшасын өндіріп алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қарыз бойынша берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;
-Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша барлық міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге;
-Банктің банктік қарыз шартын жасасқан Орталық кеңсесінің және/немесе филиалының тіркелген және/немесе орналасқан жері бойынша сотқа талаппен жүгінуге
- бұрынырақ басқа банктен/ кредиттік қаржы ұйымынан алынған қарызды қайта құрылымдау кезінде кредиттік берешектің жоқтығы туралы анықтаманы уақтылы ұсынбағаны үшін банктік қарыз сомасының 25% мөлшерінде өсімпұл төлеуін талап етуге; |
| Жасы | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредит мерзімі аяқталған сәтте зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жасы 21-ден басталады |
| Азаматтығы | ҚР азаматтығы немесе тұруға ықтиярхат |
| Бірлескен қарыз алушыларды тарту | Қарастырылмаған |
| Гаранттарды тарту | Қарастырылған |
| Жылжымайтын мүлік түрі |
|
| Нысан иесі | Жылжымайтын мүлік нысанның иесі қарыз алушы ретінде де, 3-ші тұлға да бола алады |
| Жылжымайтын мүлік иесінің жасы | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредит мерзімі аяқталған сәтте зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жасы 18-ден басталады |
Ең жылдам әрі қолайлы тәсіл — мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі арқылы өтеу. Сонымен қатар, өзіңіздің ағымдағы шотыңызды толықтырыңыз, өтелу сомасы төлем кестесі бойынша автоматты түрде өзі шешіледі.
Маңызды: қаражат төлем кестесіндегі төлем күні кешіктірілмей, сағат 21:00-ге дейін енгізілуі қажет.
Мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі:
• Карталарыңызда төлемді жабуға жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізіңіз.
• Кредит мәзіріне кіріп → «Төлем жасау» тармағын таңдаңыз.
• Шығатын соманы дебеттік картаңыздан жасау үшін оны таңдаңыз.
• Ай сайынғы төлем сомасын енгізіп → «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
• Операцияны растаңыз.
Ақша кредитті өтеу үшін бірден ұсталады, төлем кестесі жаңарады.
Ағымдағы шотты толықтыру:
• Ағымдағы шотыңызды банкомат, банк кассасы немесе «Қазпошта» арқылы толықтырыңыз.
• Немесе басқа Банктегі өз шотыңыздан ағымдағы шотқа ақша аударыңыз.
• Төлем кестесі бойынша ағымдағы шоттан қаражат автоматты түрде ұсталады.
• Егер төлем күні жұмыс күніне сәйкес келсе, ақша 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады.
• Егер төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне түссе, ақша алдағы жұмыс күнінде 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады және төлем кешіктірілген болып саналмайды.
Назар аударыңыз: кредитті өтеуге жұмсалатын қаражат дебеттік картадан тікелей ұсталмайды. Тек «Төлем жасау» сервисін пайдаланып немесе ағымдағы шотты толықтыру арқылы төлем жасауға болады.
Кредит бойынша ай сайынғы төлемді Bereke Bank қосымшасында қалай төлеуге болады?
Bereke Bank банкоматтары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?
Ішінара алдын ала өтеу — бұл сіз ай сайынғы тұрақты төлемнен бөлек қосымша сома төлеп, келесі айлардың төлемдерін немесе кредит мерзімін қысқарта аласыз. Мұны жүзеге асыру үшін ай сайынғы төлем сомасына тең немесе одан жоғары қаражат енгізу қажет.
Ай сайынғы төлем сомасын қысқартуға арналған ішінара алдын ала төлеуді кез келген кредит бойынша комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.
Ал кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тәсілдері кредит түріне байланысты болады.
Bereke Bank мобильді қосымшасы мен банкоматтарында:
• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында)
Банк бөлімшелерінде:
• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар (тек мерзімнің екінші жартысында)
• 7500 теңге комиссиямен — жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген бір мөлшерлемесі бар кредиттер, тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредит түрлері; жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында), тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредиттер.
Екі мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тек мерзімнің екінші жартысында жүзеге асырылады.
Толық мерзімінен бұрын өтеу — бұл Сіз кредитті толық жабу үшін қарыздың барлық сомасын төлейтін жағдай.
Кез келген кредитті толық мерзімінен бұрын өтеуді комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.
Толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, себебі Банк күн сайын кредит бойынша қалған қарыз сомасына пайыз есептейді. Бүгінгі күнге өзекті соманы мобильді қосымшадағы өз кредиттіңіздің мәзірінен → «Мерзімінен бұрын өтеу» → «Толық өтеу» бөлімінен көре аласыз.
Толық мерзімінен бұрын өтеуді тек жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін жасауға болады.
Кредитті Bereke Bank мобильді қосымшасында мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?
Кредитті Bereke Bank АҚ банкоматтары арқылы мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?
Кредит бойынша жалпы қарыз сомасын жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымшада көруге болады. Ол үшін «Кредиттер» мәзіріне өтіңіз. Өнімді таңдап, «Ерте төлеу» опциясын ашыңыз және «Мерзімінен бұрын толық өтеу» өтеу түрін таңдаңыз. Мұнда сіз кредит бойынша қарыздың толық сомасын көресіз.
Иә, кредит бойынша төлемді қарыз алушының ЖСН бойынша енгізуге болады:
1) Банктің банкоматтарында;
2) Банк бөлімшесінің кассаларында;
3) «Қазпошта» АҚ арқылы (комиссия - қабылданған төлем сомасының 1,2%);
4) Басқа банктегі картадан жіберушінің (қарыз алушының) шотына аударым жасау.
Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда не қарыз алушыда борышты қосалқы қарыз алушыға/кепіл берушіге/Кепілгерге/жақын туысына ауыстыру мүмкіндігімен негізделген себептер болған кезде кепіл кредиттері бойынша борышты аударуға жол беріледі. Толық ақпарат алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу ұсынылады.
Банк бөлімшелерінде (7500 теңге Банктің комиссиясы бар). Ай сайынғы төлем күнін өзгерту талаптары:
• ай сайынғы төлем күнінен кейінгі келесі күннен бастап ағымдағы айдың соңына дейін қолжетімді;
• таңдауға болатын күндер - 01-ші күннен 20-шы күнді қоса алғандағы күнге дейін, бұл ретте соңғы ай сайынғы төлем күнінен жаңа ай сайынғы төлем күніне дейінгі аралық кемінде 15 күн болуы тиіс; 1 (бір) күнтізбелік жылда 3 реттен артық емес; Ай сайынғы төлем күнін өзгертуге келесі жағдайларда жол берілмейді:
• кредит бойынша қолданыстағы мерзімін кешіктіру болған;
• кредит бойынша қолданыстағы мерзімін кейінге шегеру болған;
• кесте бойынша 1 төлем қалған;
• кредит «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» өнімі және «Нарықтық ипотекалық өнім» («Баспана хит») субөнімі бойынша немесе «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген.
Кепіл ретінде пәтер, үй мен жер учаскесі: толық немесе жартылай, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлік болуы мүмкін. Кепілге берілген жылжымайтын мүліктің иесі болу міндетті емес. Сіз үшінші тұлғаларға тиесілі жылжымайтын мүлікке кепіл қойып кредит ала аласыз.
Ия, Банк бөлімшесінде өтініш жазу арқылы. Қорытынды шешімді Банктің уәкілетті органы қабылдайды.
Егер қамтамасыз ету құны мүмкіндік берсе, қажетті соманы қоса алып, басқа банктердегі қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыра аласыз.
Өмірді сақтандыру қарыз сомасына қосыла алады немесе қарыз алушы есебінен төленеді.
Кепіл ретінде қабылданатын объектілер аумағында Банктің филиалдары/ФҚБ жұмыс істейтін ҚР елді мекендерінде не Банктің филиалы/ФҚБ орналасқан қалалар/елді мекендер шегінен 30 (отыз) километрден аспайтын қашықтықта орналасқан елді мекендерде орналасқан.
Иә, ол үшін Банк бөлімшесінде өтініш жазу қажет.
Комиссия Қарыз шартының талаптарына/Банк тарифтеріне сәйкес алынады.
Қорытынды шешімді Банктің уәкілетті органы қабылдайды.
Қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Сақтанушы Сақтандыру шартын сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзуға құқылы. Бұл жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру қолданылған уақытқа барабар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін және сақтандыру шартын бұзуға байланысты шығындарды шегеріп, сақтандыру сыйлықақысын қайтарады.
Жоқ, қазіргі уақытта Bereke Bank тұрғын үй алуға кредит бермейді. Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 14 желтоқсанда тоқтатылған.