logo-loader
Шрифт:
Изображения:
Настройки:
Сбросить настройки:
Выберите шрифт:
Интервал между буквами (Кернинг):
Интервал между строками:
Версия для слабовидящих
Шрифт:
Изображения:
Настройки:
Сбросить настройки:
Выберите шрифт:
Интервал между буквами (Кернинг):
Интервал между строками:

50 млн ₸ дейін кредиттік желі

Кез-келген жылжымайтын мүлік кепілімен кредиттік желіні ресімдеңіз

Кез-келген жылжымайтын мүлік кепілімен
Кепілзаттың нарықтық құнының 70%-на дейін
Кез-келген мақсатқа
Толығымен немесе бөліп алу мүмкіндігі бар

Тек жұмсаған сомаңызға ғана пайыз төлейсіз

Кредиттік желіні қалай алуға болады

1

Bereke Bank-тің кез-келген бөлімшесінде паспорт немесе жеке куәлік арқылы алдын ала шешімді алыңыз

2

Мүліктің құны туралы қорытындыны бағалау компаниясында рәсімдеңіз де, оны банкке ұсыныңыз

3

Банктің соңғы шешімін күтіңіз де, ақшаңызды алыңыз

Кредит лимитіңізді есептеп шығыңыз

Кредиттік желі туралы толық ақпарат

Кредиттің шарттары, мерзімі, пайыздық мөлшерлемелері мен артықшылықтары, сондай-ақ өзекті сұрақтарға жауаптар таба аласыздар

Қарыз алушыға кредит алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін шарттармен, бірақ Келісімде көзделген соманың, уақыттың және шарттардың негізінде Қарыз алушыға кредит беру      

36 айдан 120 айға дейін

Кредиттік желінің мерзімі, мөлшерлемесі, қолжетімділік кезеңі және сомасы көрсетілген қаржыландыру шарты  

Кредиттік желіні бір рет (кредиттік желінің барлық сомасын алу) және қолжетімділік кезеңі аяқталғанға дейін ішінара игеруге болады  

Банк менеджерімен хабарласу арқылы (Банктің қосымшасында қалдықтар көрінбейді, техникалық тұрғыдан әлі мүмкін емес)  

Толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу мобильді қосымшада да, банк бөлімшелерінде де мүмкін

Кредиттік желінің сомасы клиенттің төлем қабілеттілігіне қарай Банк шешім қабылдаған кезде айқындалады  

Кредиттік желі шартта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жабылады, егер сіз күткіңіз келмесе, онда сіз желіні мерзімінен бұрын жабу туралы өтініш жазуыңыз керек, жүйеде желі жойылады және клинетке желіні тоқтату және кепілзаттан ауыртпалықты алып тастау туралы хат жолданады

Қосымшаға сай ТБК тізімі

Сіз бағалау компаниясын өзіңіз таңдауға құқылысыз, бірақ бұл жағдайда банк қызметкері объектіні тексеруге өзі баруы қажет, ал бұл қарау процесін едәуір ұзартады  

Иә, бағалау компаниясының қызметкерлері объектілерге барады, бірақ бұл процесті банк бақыламайды. Бару клиент пен бағалау компаниясының қызметкерінің келісуімен жеке жүзеге асырылады  

Иә, клиент өзіне ыңғайлы бөлімшеге жүгінеді, бағалауға барлық қалаларда филиалдары бар бағалау компаниясы (аккредиттелген компаниялар болғаны дұрыс) арқылы тапсырыс беріледі  

Кредит негізгі меншік иесінің атына ресімделеді, қалғандары кепіл беруші болады

Жоқ, келісім кредиттік желі туралы келісім жасалған кезде бір рет беріледі  

Өкінішке орай, жоқ, банк бөлімшесіне жүгіну қажет

Иә

Иә, қосымшада барлық кредиттер көрінеді

Бұл — сіз мақұлданған лимитті пайдалана алатын уақыт аралығы

Пайыздық мөлшерлемеге
26,7%-дан бастап (СЖТМ 29,9%-дан 34,9%-ға дейін)
Кредиттің мақсаты
Кез келген мақсаттарға
Кредиттің валютасы
Теңге
Өмірді сақтандыру
Жоқ
Кредиттік желі қолжетімді болатын кезең
9 айға дейін
Кредит желісінің ең төменгі сомасы
3 000 000 теңге
Кредит желісінің ең жоғары сомасы
Қолда бар жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 70%-на дейін және 50 000 000 теңгеден аспайды
Кредит мерзімі
36 айдан 120 айға дейін
Займды ұйымдастырғаны үшін комиссия
0%
Қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк келесілерге құқылы

- мерзімі кешіктірілген 90 күн ішінде әр мерзім кешіктірілген күн үшін кешіктірілген төлемнің 0,5 % мөлшерінде, мерзімі кешіктірілген 90 күн өткеннен кейін әр мерзім кешіктірілген күн үшін кешіктірілген төлемнің 0,03% мөлшерінде, бірақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шартының әр қолданыс жылы үшін қарыз сомасының 10% көп емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;.

 

-банктік қарызды мақсатына сай емес пайдаланғаны үшін мақсатына сай емес пайдаланылған соманың 25% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;

 

- Банктік қарыз бойынша ерекше талаптар уақытылы орындалмаған үшін ерекше талаптарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күнінде негізгі борыштың қалдық сомасының 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуін талап етуге;

 

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарыз алушының банктерде, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған кез келген банктік шоттарын тікелей дебеттеу арқылы банктік шоттарындағы ақшасын өндіріп алуға;

 

- Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қарыз бойынша берешекті коллекторлық агенттікке сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беруге;

 

-Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктік қарыз шарты бойынша барлық міндеттемелердің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге;

 

-Банктің банктік қарыз шартын жасасқан Орталық кеңсесінің және/немесе филиалының тіркелген және/немесе орналасқан жері бойынша сотқа талаппен жүгінуге

 

- бұрынырақ басқа банктен/ кредиттік қаржы ұйымынан алынған қарызды қайта құрылымдау кезінде кредиттік берешектің жоқтығы туралы анықтаманы уақтылы ұсынбағаны үшін банктік қарыз сомасының 25% мөлшерінде өсімпұл төлеуін талап етуге;

Жасы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредит мерзімі аяқталған сәтте зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жасы 21-ден басталады
Азаматтығы
ҚР азаматтығы немесе тұруға ықтиярхат
Бірлескен қарыз алушыларды тарту
Қарастырылмаған
Гаранттарды тарту
Қарастырылған
Жылжымайтын мүлік түрі
  • Көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;
  • Жер учаскесі бар тұрғын үй (оның ішінде тұрғын үйдің бір бөлігі) ;
  • Коммерциялық жылжымайтын мүлік (ғимараттар бөлігіндегі үй-жайлар)
Нысан иесі
Жылжымайтын мүлік нысанның иесі қарыз алушы ретінде де, 3-ші тұлға да бола алады
Жылжымайтын мүлік иесінің жасы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредит мерзімі аяқталған сәтте зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жасы 18-ден басталады