Кредит сомасы
Кредиттің мерзімі
Мерзімінен бұрын өтеу
Кредитті қалай алуға болады
Кредитті есептеңіз және өтінімді толтырыңыз
Алдын ала шешімді күтіңіз
Bereke қосымшасын жүктеп алыңыз
Қосымшада құжаттарға қол қойыңыз
Кредиттік калькулятор
Кредит алуға өтінімді толтырыңыз
5 минутта шешім қабылдап, сізге СМС хабарлама жіберемізКредит туралы толығырақ
Bereke Bank-тің кепілсіз кредиттің шарттары| Жалпы ақпарат | Кредиттің валютасы Теңге |
Кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссия** Кредиттің сомасынан 0% -дан бастап | |
| Кредиттің мақсаты Тұтынушылық мақсаттарға | |
| Кредиттің ең төменгі сомасы 150 000 теңге | |
| Кредиттің ең жоғары сомасы* 8 000 000 теңге (Bereke Bank картасына жалақы алатын жеке тұлғалар үшін) | |
| Кредиттің ең төменгі мерзімі 7 ай | |
| Кредиттің ең ұзақ мерзімі 5 жыл | |
| Егер қарыз алушы кредит талаптарын орындамаса, банк мына шараларды қабылдауға құқылы: — мерзімі кешіктірілгені үшін 90 күн ішінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу – мерзімі кешіктірілген әр күн үшін кешіктірілген төлем сомасынан 0,5%, бірақ Шарт қолданылған әрбір жыл үшін берілген Қарыз сомасынан 10% артық емес мөлшерде); — кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу — мақсатсыз пайдаланылған сомадан 25% мөлшерінде; — ерекше шарттарды бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу - ерекше шарттарды орындауды кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін тұрақсыздық айыбын төлеу күніне негізгі борыш қалдығынан 0,01% мөлшерінде; — кез келген банктердегі қарыз алушының банктік шоттарынан ақшаны оның қосымша келісімінсіз есептен шығару; — Шарт бойынша берешекті өндіріп алуды үшінші тұлғаларға тапсыру; — кредитті мерзімінен бұрын толық өтеуді талап ету; — банктің немесе оның филиалының тіркелген жері бойынша сотқа жүгіну. | |
| Пайыздық мөлшерлеме*** | 30%-дан 42%-ға дейін, (ЖТСМ 33%-дан 46%-ға дейін) |
| Қарыз мерзімінің 25-ші айынан бастап қарыз мерзімінің екінші жартысында сыйақы мөлшерлемесін төмендету қарастырылған. | |
** Комиссиялар Банктің Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитетінің 02.04.2025 жылғы №19 §1а шешімімен бекітілген *** Мөлшерлемелер «Bereke Bank» АҚ «Бөлшек кредиттеу» тобының Заңнамалық отырысының 16.08.2024 ж. №23 хаттамасының §2 үзінді көшірмесімен бекітілді | |
- Егер Сізде жоқ болса, Bereke Bank картасын ашыңыз
- Басқа банктің мобильді қосымшасында Bereke картасына аударымды таңдаңыз
- Bereke мобильді қосымшасының басты бетінде өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Төлемді төлеу» батырмасын басыңыз, ай сайынғы төлем сомасын есептен шығару шоты мен аудару шотын таңдап, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сома кредитті төлеу күні есептен шығарылады
- Негізгі экранда «Картасыз енгізу», ары қарай «Кредитті өтеу» таңдаңыз
- Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз, өтелуі қажетті кредитті таңдап, «Ай сайынғы төлемді төлеу» батырмасын басыңыз
- Қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Төлем туралы чекті алуды ұмытпаңыз
- Ең жақын бөлімді таңдаңыз
- Менеджерге хабарласыңыз және ақшаны кассаға салыңыз
- Кредитті төлеу туралы чек алыңыз
Ең жылдам әрі қолайлы тәсіл — мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі арқылы өтеу. Сонымен қатар, өзіңіздің ағымдағы шотыңызды толықтырыңыз, өтелу сомасы төлем кестесі бойынша автоматты түрде өзі шешіледі.
Маңызды: қаражат төлем кестесіндегі төлем күні кешіктірілмей, сағат 21:00-ге дейін енгізілуі қажет.
Мобильді қосымшадағы «Төлем жасау» сервисі:
• Карталарыңызда төлемді жабуға жеткілікті қаражат бар екеніне көз жеткізіңіз.
• Кредит мәзіріне кіріп → «Төлем жасау» тармағын таңдаңыз.
• Шығатын соманы дебеттік картаңыздан жасау үшін оны таңдаңыз.
• Ай сайынғы төлем сомасын енгізіп → «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
• Операцияны растаңыз.
Ақша кредитті өтеу үшін бірден ұсталады, төлем кестесі жаңарады.
Ағымдағы шотты толықтыру:
• Ағымдағы шотыңызды банкомат, банк кассасы немесе «Қазпошта» арқылы толықтырыңыз.
• Немесе басқа Банктегі өз шотыңыздан ағымдағы шотқа ақша аударыңыз.
• Төлем кестесі бойынша ағымдағы шоттан қаражат автоматты түрде ұсталады.
• Егер төлем күні жұмыс күніне сәйкес келсе, ақша 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады.
• Егер төлем күні демалыс немесе мереке күндеріне түссе, ақша алдағы жұмыс күнінде 21:00-ден 23:00-ге дейін ұсталады және төлем кешіктірілген болып саналмайды.
Назар аударыңыз: кредитті өтеуге жұмсалатын қаражат дебеттік картадан тікелей ұсталмайды. Тек «Төлем жасау» сервисін пайдаланып немесе ағымдағы шотты толықтыру арқылы төлем жасауға болады.
Кредит бойынша ай сайынғы төлемді Bereke Bank қосымшасында қалай төлеуге болады?
Bereke Bank банкоматтары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?
Ай сайынғы төлемді есептен шығару кесте бойынша өтеу күні жүргізіледі.
Егер ай сайынғы төлем күні демалыс немесе мереке күніне түссе, онда ай сайынғы төлем одан кейінгі жұмыс күні тұрақсыздық айыбысыз және айыппұлдарсыз есептен шығарылады.
Ай сайынғы төлемдерді өтеу кестесін мобильді қосымшаның кредит мәзірінен көре аласыз. Сондай-ақ, бұл кесте Банктік қарыз шартымен бірге беріледі.
Егер сіз бөлек алдын ала төлем жасаған болсаңыз, жаңа кесте мобильді қосымшада жаңарады — тек қайта кіріп, ақпараттың жаңартылғанын тексеруіңіз қажет.
Ішінара алдын ала өтеу — бұл сіз ай сайынғы тұрақты төлемнен бөлек қосымша сома төлеп, келесі айлардың төлемдерін немесе кредит мерзімін қысқарта аласыз. Мұны жүзеге асыру үшін ай сайынғы төлем сомасына тең немесе одан жоғары қаражат енгізу қажет.
Ай сайынғы төлем сомасын қысқартуға арналған ішінара алдын ала төлеуді кез келген кредит бойынша комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.
Ал кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тәсілдері кредит түріне байланысты болады.
Bereke Bank мобильді қосымшасы мен банкоматтарында:
• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында)
Банк бөлімшелерінде:
• комиссиясыз — кепілсіз бір мөлшерлемесі бар кредиттер; кепілсіз екі мөлшерлемесі бар (тек мерзімнің екінші жартысында)
• 7500 теңге комиссиямен — жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген бір мөлшерлемесі бар кредиттер, тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредит түрлері; жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген екі мөлшерлемесі бар кредиттер (тек мерзімнің екінші жартысында), тұрғын үй кредиттері және кейбір автокредиттер.
Екі мөлшерлемесі бар кредиттер бойынша кредит мерзімін қысқартуға бағытталған ішінара алдын ала төлеу тек мерзімнің екінші жартысында жүзеге асырылады.
Толық мерзімінен бұрын өтеу — бұл Сіз кредитті толық жабу үшін қарыздың барлық сомасын төлейтін жағдай.
Кез келген кредитті толық мерзімінен бұрын өтеуді комиссиясыз мобильді қосымшадағы кредит мәзірінде, банкоматтарда және Банк бөлімшелерінде жасауға болады.
Толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, себебі Банк күн сайын кредит бойынша қалған қарыз сомасына пайыз есептейді. Бүгінгі күнге өзекті соманы мобильді қосымшадағы өз кредиттіңіздің мәзірінен → «Мерзімінен бұрын өтеу» → «Толық өтеу» бөлімінен көре аласыз.
Толық мерзімінен бұрын өтеуді тек жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін жасауға болады.
Кредитті Bereke Bank мобильді қосымшасында мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?
Кредитті Bereke Bank АҚ банкоматтары арқылы мерзімімен бұрын қалай өтеуге болады?
Ағымдағы күнге сәйкес қарыздың көлемін мобильді қосымшада көруге болады. Ол үшін кредит мәзіріне кіріп → «Алдын ала өтеу» → «Алдын ала толық өтеу» бөлімін таңдаңыз.
Назар аударыңыз: алдын ала толық өтеу сомасы күн сайын өзгеріп отырады, өйткені банк күн сайын кредиттің қалған қарызына пайыз есептейді.
Егер кредит онлайн ресімделсе, қаражат ағымдағы шотыңызға аударылады. Ағымдағы шоттан толық мақұлданған соманы Банк бөлімшесіндегі кассадан комиссиясыз алуға болады.
5 миллион теңгеге дейінгі соманы кез келген Банк бөлімшесінде жұмыс уақыты ішінде алуға болады. 5 миллион теңгеден жоғары соманы алу үшін оған алдын ала, кем дегенде 2 жұмыс күні бұрын тапсырыс беру қажет, сонда бұл сома бөлімшеде дайын болады. Сомаға тапсырыс беру үшін Bereke Bank-тің қолдау қызметіне байланыс орталығына қоңырау шалу немесе мобильді қосымшадағы чат арқылы хабарласыңыз.
Комиссиясыз қаражатты алу тек ағымдағы шоттан ғана және кредит қаражаты түскеннен кейін дереу жүзеге асады:
• Мақұлданған сома картаға аударылғаннан кейін, стандартты шектеулер мен комиссиялар қолданылады.
• Ақшаны ағымдағы шоттан картаға аударып, қайтадан ағымдағы шотқа аудару кезінде комиссиялар қолданылады.
• Егер ағымдағы шотыңызда кредит мақұлданбас бұрын қаражат бар болған болса, кассадан комиссиясыз тек кредит сомасын ғана алуға болады.
Иә, біздің банкте басқа банктердің кредиттерін қайта қаржыландыруға болады. Қайта қаржыландыруға өтініш мобильді қосымша арқылы немесе Банк бөлімшесінде беруге болады.
Кредитті қайта қаржыландыру туралы банк келісімшарты жасалғаннан кейін, басқа банктегі қарызды жабу үшін ақша аударымын жасауға өтініш толтыру қажет болады. Ақшаның басқа банктегі есепшотқа түсу мерзімі — 1–3 жұмыс күні.